Дәрігерлер науқасты тірілтіп алды

Oinet.kz 20-02-2020 1025

Кезекшілікте болған түркістандық жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлімге ұшыраған науқасты құтқарды. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

медики.jpg

Түркістан қаласында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына бейтаныс әйелдің қоғамдық орында құлап жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оған жедел жәрдем 7 минутта жеткен. Ес-түссіз жатқан әйелге дәрігерлер «клиникалық өлім» диагнозын қойыпты. Дегенмен, медицина мамандары шұғыл жүрек-өкпе жұмысын қалпына келтіру шарасын қолданып, науқастың беті бері қарады. 41 жастағы әйел клиникалық өлімнен кейін тірілді. 2-ші топ мүгедегі денсаулығына қатысты дәрігерлік есепте тұрады. 

– Өмір мен өлім арпалысын күнде көзбен көріп жүрген соң науқастарды құтқаруда бөтен ойға жол жоқ. Барлық күш-жігерімізді салып, дәрігерлік көмек көрсету менің міндетім деп білемін. Әрбір құтқарылған жан мен үшін үлкен қуаныш! –дейді Түркістан қалалық медициналық жедел-жәрдем қызметінің фельдшері Арман Сағидулат.

Дәрігерлер науқасты санитарлық көлікпен ауруханаға жеткізген. Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қазір оның жағдайы бір қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Болат Бақауовтың үйіне бақылау орнатылды
Алматыда тәрбиеші көзі көрмейтін баланы инемен шұқып қинаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу