Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Баласын инемен шұқып жазалаған тәрбиешісінің тірлігіне ашынған анасы туғаны үшін қатты алаңдайды. Оқиға Алматы облысындағы арнаулы интернатта орын алған. Ұстазының қорлығына шыдамаған бала болған жайды анасына айтып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеп.
Айжан Рахимованың сөзінше ұлының денесі көгертіп, ине сұғылған қолы қан болып үйге келген.
"Әкесі жоқ, шешесі инвалид екен, бұлай жасасақ ешкім білмей қалады деп ойлап қалды. Менде он, жиырма бала жоқ. Алла берген балаларымды өзім қорғап асыраймын. Ешкімге ренжіткізбеймін", - деген Рахимова оқиғаның қалай болғанын былай баяндайды.
"Тәрбиешісі менің балама күн бермейді. Денесіне жарақат салып, ұрады екен. Демалыс кезінде алып кетіп жүргенде мән бермедім. Өзімнің көзім көрмеген соң, қызым денесін қарайды. Қызым құлағы мен қолы көгерген екен деп айтты. Содан кейін апайына қоңырау шалып, оның қалай пайда болғанын сұрадым. Білмеймін деп жауап берді. Балалармен ойнағанда жарақат алған шығар, уайымдамаңыз деді. Бірақ дәл осында үлкен көгеру болуы мүмкін емес", - деген ол мұғалімнің нақты жауап бере алмағанын, жалғыз өзінің баласы емес, сондағы көп балалар дәл осындай зардап шегіп жүргенін айтты.
"Баламның көзі көрмеген соң әріптерді үйреніп жатқанда дұрыс тесе алмаған соң баланың қолына ине сұғып алды. Көзі көрмеген соң қаламсап ұстай алмайды, жаза алмайды. Сол үшін браэрмен тесіп оқиды", - дейді сезіз жасар Айдарбектің анаы
"Бұл біріншісі және соңғысы да емес. Денесінде инеден қалған үш із болды. Иненің ізі қолының үстінде қып-қызыл болып көрініп тұрды. Баламнан сұрап едім "айтсам жылайсыз, уайымдамаңызшы" деді. Әкең жоқ болса да мен сені қорғай аламын деп елім "қате жіберген соң менің қолыма ине тығып алды" деді".
Арнаулы интернат ұжымы тағылған айыпты теріске шығарып отыр.
"Шынымды айтсам соңғы уақытта менде стресс. Балаға сөйлеуге қорқамын. Мамасының маған күш көрсеткенін баланың өзі сезіп отыр. Бала тыңдамайды, бағынбайды. Жай сөйлеуге қорқамын", - деген Айдарбектің апайы Аймерей Бақдәулетқызы оқиғаны өзінде баяндайды.
"Бұл кісінің айып отырғандарына ешқандайда келісе алмаймын. Қыркүйек айынан бастап жұмысқа кіргелі бері өз мойнымдағы жауапкершілікті сезініп бардым. Колледжде оқып жүргеннен осы мектепте жұмыс істеймін деген ой болды. Менің сыныбымдағы балалар жаңадан келген. Ал Айдарбек былтырдан бастап оқып жүрген бала. Олар маған үйренісін деп ең алдымен өзіме тарту. жүрек жылуымды беру болды", - деген ұстазы балының денесіндегі көгерген іздер үйінен келгенде болғанын айтты.
"Демалыстан келген баланың оң құлағының көгеріп тұрғанын көрдім. Не болды деп сұрағанымда алтыншы сыныпта оқитын апкем ұрды деді. Мен бұл жағдайға бей-жай қарған жоқпын. Оқу ісі жөніндегі орынбасарға, медбикеге, психологқа айттым. Директорға кірген кезде анасы қызының ұрғанын мойындады", - деп өз уәжін айтты.
"Баланың қолына ине тыққан жоқпын. Қай жағынан алып қарасаңызда бұлай істеу Алланың алдында да үлкен күнә екенін жақсы білемін. Брайын әліппесін меңгерген кезде бала абайсызда қолын қанатып алуы мүмкін", - дейді мұғалім.
"Әріпті қате тескенім үшін ұрсады. Аймерей апай мені математика сабағында шапалақпен ұрды. Сабағымды қате жазып кеттім содан кейін апай ине тықты", - дейді сегіз жасар Айдарбек Рахимов.