«Маған демагог керек емес. Арыз жаз да, кет» - Баталов Қалиасқаровқа
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровтан өз еркімен өтініш жазып, қызметінен кетуін өтінді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz.
Талдықорған қаласының тұрғыны Ләззат Құдайберген Амандық Баталовтан қала әкімі орынбасарының жұмысы туралы айту үшін оған көңіл бөлуін сұрады.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол өткен жылдың қараша айында өңір басшысынан облыс әкімінің жарлығымен Қалиасқаров айналысуы тиіс мәселені шешуге көмектесуді сұрады.
Алайда, Ләззат өткен уақыт ішінде ештеңе өзгермегенін айтады. Көпбалалы әйел 21 жыл бойы ата-анасынан қалған тұрғын үйге құжаттарын ресімдемекші болып талпынған.
Өңір басшысы қала тұрғынынан оның проблемасының кешіктірілуіне себеп болғанын сұрады.
"Маған Асхат Мейрамғалиұлы "Амадық Баталовқа кірсеңіз мәселеңіз шешіледі деп ойлайсыз ба? Қанша миллион халық бар, егер мен бәріне бірдей көмектессем, онда не қалады" деді. Егер менің ақшам болса, көмек сұрар ма едім. Мен маған үй берсін демеймін, тек құжат рәсімдеуге жәрдем сұрадым", - дәйді Ләззат Құдайберген.
Тұрғынмен сөйлескеннен кейін облыс басшысы шенеуніктен көпбалалы анаға көмектеспеуінің себебін сұрайды. Біраз уақытқа түскен талқылаудан соң Баталов Қалиасқаровқа:
"Маған демагог (көпшілікті құрғақ сөзбен алдауға тырысатын адам) керек емес. Арыз жаз да кет", - деген шағым жасады.
Сонымен қатар, облыс әкімі шенеуніктің орнына келетін адам қарастыру керектігін айтты.