Асылжан Жамалбеков сот алдында жауап берді

Oinet.kz 18-02-2020 1309

Шымкент қаласындағы Жұмыспен қамту орталығының экс-директоры Асылжан Жамалбековке  қатысты сот тыңдалымы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

unnamed.png

Жамалбековқа Қылмыстық кодекстің 371 бабы, 2 бөлімінде (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқтырған салғырттық) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Алдын ала отырыста төрағалық етуші судья Мадияр Әбдірасілов бұл іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе тоқтата тұруға себеп болатын жағдайлар жоқ екенін анықтаған.

Айыптау актісінің көшірмесі айыпталушыға уақытылы берілген.

Сотталушыға қатысты "үй қамауында ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы дұрыс таңдалған және оны жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 67-бабына сәйкес, істе сот тағайындайтын айыпталушының қорғаушысы міндетті түрде қатысуы қарастырылған.

Сот ашық деп жарияланған, тыңдалым қазақ тілінде өтті.

Еске сала кетсек, Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы болған Асылжан Жамалбеков ұйымдасқан топ құрып, мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке іліккен еді. 2018 жылы олигархтың ұлына халықаралық іздеу жарияланған.

Осыған дейін, Асылжан Жамалбековке  437 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деп айып тағылған болатын. Сондай-ақ, биылғы жылдың 31 қаңтар күні Жамалбеков өз кінәсін мойындап, полициға өздігінен берілген болатын. 

Үкімет электрондық сауданы дамыту мәселелерін талқылады
Вице-министр пәтер ұтып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу