Түркі топырағының киесі – жолсапар очеркі
23-04-2022
"МузАрт" тобының жолын қуатын осылар деп бір кездері сенім артылған, алайда үміт ақталмады. Ән әлемінің патшалары саналатын "МузАрттың" ізбасарлары саналатын "Музартlife" тобы жан жаққа тарап тынды. Бәріне себеп ішкі араздық, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.
"Алматыда ағаларымыздың қасында сахнада жүргенімізге үш жыл уақыт болды. Осы уақыт аралығында байқағаным өнер жолында достық деген болмайды екен. Себебі, досың менмін деп ойнап күліп жүрген достар топқа келген кезде бір-бірімен қас болып кетіп жатқандар бар. Бір-бірін жек көріп, араласпай кетіп жатқандар бар. Тіпті, төбелесіп жатқан жерінде өзім ажыратқан кездер болды", - деген "МузАртLive" тобының солисі Сұлтан Ахмет жігіттерге өз реніші барын жасырмады.
"Былайша келгенде бауырларым, менің достарым қанша жыл бірге тұрдық. Бірақ соңы осымен аяқталып жатыр. Өйткені, топтың ішінде "каша" (былықбай) өте көп қой. Оны біз сыртқа шығармаймыз. Өзіміз ішіміздегі нәрсе. Соның барлығы әсер етті. Мен жігіттерге өкпелімін", - деп айтып қалды Сұлтан Ахмет.
Ал топтың басқа жігіттері Сұлтан мен Әзиз өздерінің қалауымен кеткенін айтады.
"Сұлтан мен Әзиз өз қалауын істеді. Ағалармен де, бізбен де сөйлесті, ақылдасты. Басында топтан төртеумізде кетіп қалып едік. Төреуміз төрт жаққа кетіп, жеке-жеке әнші боламыз дедік", - дейді жігіттер.
Сәкен Майғазиевтің айтуынша, жас топқа өзге топтардан қолдау болмаған. Әсіресе, ірі алаңдарға Қазақстанның өнерлі жастарын емес, шет ел жұлдыздарын шақыратын ұйымдастырушыларға ренжулі.
"МузАрт" тобының директоры Ерлан Жүнісов:
"Бір екі минусын көресің де қолды бір сілтеп, қойшы деймін. Мен өзі мінезім сондай, шыдай алмаймын", - дейді.