Екпе харам деу – ойлап табылған сылтау

Oinet.kz 25-03-2018 818

uchenye-sozdana-effektivnaya-vakcina-ot-raka-114017.jpg

Әлемде вакцинация жұқпалы аурулармен күресуде аса тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде танылған. Бүгінде Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес 21 жұқпалы ауруға қарсы профилактика қарастырылған. Тегін жүргізілетін иммундауға халықтың бүгінде сенімінен күдігі басым болып отыр. Дүниежүзілік иммундау апталығына орай екпенің пайдасын тұрғындарға түсіндіру мақсатында ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Біз вакциналауды қолдаймыз» атты семинар өтті. 

Зерттеулер көрсеткендей қазіргі таңда облыста екпеден бас тартқандардың саны 1231-ге жеткен және бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді екен. Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Дәурен Баққараевтың айтуынша олардың 37 пайызы дәстүрлі емес діни ағымды жақтаушылар.

– Екпе егу шариғатқа қарсы іс емес. Оны түрлі вирустардан сақтану үшін, адамның иммунды әлеуетін көтеру мақсатында егеді. Бас тартып жатқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында байқағанымыз олар шариғаттың қарсы екеніне бірде бір дәлел келтіре алмайды. Екпеге сенімсіздікпен қараған соң олар дәрігерлердің адамдардың діни көзқарасына қарсылық таныта алмайтындығын біліп, «екпе егу харам» деген сылтаумен құтылғысы келеді, – дейді Дәурен Амантайұлы. 

Вакцинаға сенімсіздікпен қарауға еш негіз жоқ дейді Қаратау ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Анар Дербісова. 

– Ғаламторда екпені жағымсыз қырынан танытатын ақпараттар көп. Алайда екпеден әлі ешқандай бала ауруға шалдыққан емес. Дәрігерлер балаға вакцина салардан алдын денсаулығын тексереді. Егер қызуы көтеріліп, ауырып тұрған болса бала жазылғанша екпе салынбайды,- дейді ол. 

Медицина мамандары тұрғындар екпеден бас тартқан жағдайда күштеп сала алмайды. Тек түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың көзқарасын өзгертіп, күдіктерін сейілтуге тырысады. 

Семинарда сондай-ақ жарақаттан сақтану, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдары айтылды.

Әрбір жетпісінші бала аутист...
Урологиялық аурулардың көбі – онкология
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу