Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Елімізде бұл дертке шалдыққандар саны азаяр емес. Астанадағы бір ғана орталықтың өзінде 2015 жылы 443 бала тіркеуге алынса, қазір бұл көрсеткіш мың жарымға жуықтады. Бұл туралы 2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде аталаған орталық амандары хабарлады.
Сондай-ақ мұндай диагнозы бар балғындармен жұмыс істейтін мамандар тапшы. Өкінішке қарай, бұл тек Қазақстанды ғана емес, жаһанды алаңдатқан проблемаға айналды. Елімізде аутизммен ауыратындардың нақты есебі жоқ. Себебі медицинада ол тек психикалық даму ауытқушылығы ретінде көрсетіледі.
Аутизм балаларда ақыл-естің кеш жетілуі, сөйлеуінің кешеуілдеуі түрінде көрініс береді. Ал бізде көбіне бұл жағдайда «баланың еркелігі, әлі-ақ сөйлеп, ашылып кетеді» деп мән бермеу басым. Алайда өкініштісі сол, аутизм асқынған жағдайда бала қатарынан қалып қойғанынан бөлек, көптеген дене және сезім мүшелері жетілмей қалуы әбден мүмкін.
– Аутизм – емделмейді. Оны түзету керек. Жалпы бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы бойынша әлемде әрбір жетпісінші бала аутист. Мамандардың айтуынша ол жыл сайын өсіп келеді, – дейді балаларды дамыту орталығының маманы Маржан Ержанова.
Дегенмен мамандар бұл сырқаттан дер кезінде емделсе сауығып кетуге де болатынын айтады.
– Біздің орталықта интервенциядан өткен бірнеше бала бүгінгі таңда жалпы білім беретін балабақшаларға барып жүр. Сонымен қатар инклюзивті сыныптарда білім алып жатыр, – дейді аутизмі бар балаларға арналған орталықтың клиникалық педагогы Динара Жексенбаева.
Демек үміт бар. Аутизмнен құлан таза айықпаса да, балалар сөйлеп, айналасындағылармен араласа алады. Ол үшін тиісті ем-дом қабылдау қажет.
Ғалымдардың пайымдауынша, 2025 жылға қарай аутизммен әлемдегі әрбір екінші адам ауыруы мүмкін.