Тимур Сүлейменов реформаларды талдау жөніндегі жаңа орталықтың басшысы болып тағайындалды

Oinet.kz 06-02-2020 873

Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Zakon.kz. порталына сілтеме жасап.

2019072211285233084_e3a0a08d717061109eb9becc6dab8cf5.jpg

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

«Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Тимур Сүлейменов басшылық етеді. Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау», -  делінген жазбада.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді
Түркиядағы қар көшкіні: 38 адам көз жұмып, 68 азамат құтқарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу