«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Oinet.kz 06-02-2020 688

dsc8344s0 (1).jpg

«Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды. «Nur Otan» партиясының 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланатын болады», - деп жазды Twitter-де Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Партияның Саяси кеңсінің кеңейтіәлген отырысы соңғы рет былтыр тамызда өткен еді. Жиында партияның Төрағасы Н.Назарбаев алдағы сайлаудың конституциялық мерзімде өтетіндігін атап өткен болатын. Елбасы бағдарламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруды, биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырған еді. 




«Ұйықтап қалған» Ордабасыны Өсербаев оятты»
Тимур Сүлейменов реформаларды талдау жөніндегі жаңа орталықтың басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу