Түркиядағы қар көшкіні: 38 адам көз жұмып, 68 азамат құтқарылды

Oinet.kz 06-02-2020 1118

Өткен түн Түркияға оңай соқпағаны анық. Елдің шығыс бөлігіндегі Ван провинциясында екі бірдей қар көшкіні жүріп, 38 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты  24.kz порталына сілтеме жасап.

3cd94303b37b3c5e4ebacecbd51631eb_L.jpg

Меншікті тілшіміз Меруерт Қанағаттың айтуынша, Ванның Бахчесарай ауданында болған бірінші қар көшкінінде 5 кісі қаза тапқан. Тағы 8 адам жарақат алып, екеуі қар астында қалып қойған. 

Оқиға орнына дер кезінде жеткен жергілікті құтқару топтары мен өзге де азаматтар оларды құтқаруға кіріскен шақта көшкін қайта жүріп, енді жүзге жуық кісі қар астында қалып, отыз үші қайтыс болды. Құтқарушылардың өзі көмекке зәрі болып, тың күш оларды құтқаруға кірісті. 

Алайда олар жергілікті уақыт бойынша түнгі 01:00-де өз жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі, аймақта тағы да қар көшкіні болу қаупі бар деген дабыл қағылды.. 

Сулейман Сойлу, Ішкі істер министрі:

 - Қатарынан екі рет қар көшкіні жүріп, бірнеше азаматымыздан айырылып қалдық. 11 жандармия, 1 әскер, 7 қауіпсіздік сақшысы, 1 инженер, 3 өрт сөндіруші, 2 мемлекеттік жолдарға жауапты қызметкер мен тағы 2 кісі қаза тапты. Екі адам қар астында қалды деп болжап отырмыз. 63 азаматты құтқардық.

Тимур Сүлейменов реформаларды талдау жөніндегі жаңа орталықтың басшысы болып тағайындалды
Марат Пашимов Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу