Францияда адвокаттар ереуілге шықты
Франциядағы 160 адвокаттық коллегияның өкілдері Париж көшелеріне шығып, зейнетақы жүйесінің реформасына қарсы наразылық шеру ұйымдастырды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kz порталына сілтеме жасап.
Ереуілшілерге ұшақ пилотттары мен жеке меншік дәрігерлер қосылды. Реформаға сәйкес олардың әлеуметтік аударымдар мөлшері едәуір артатын болды. Үкімет салалық дербес зейнетақы қорларынан бас тартып, бірыңғай жүйе құруды көздеп отыр. Адвокаттар ереуілі 4 апта бойы жалғасып келеді. Осының салдарынан соттардағы істерді қарастыру мерзімі бірнеше айға кейін қалып отыр. Ереуілшілердің айтуынша, үкімет шешімі бірқатар мамандықтарға қауіп төндіріп отыр. Өйткені жаңа ережелер бойынша көбісінің әлеуметтік аударымдар жасауға мұршасы жетпейді.
Ариана Бобети, Сен-Сан-Дени департаменті коллегиясының адвокаты:
- Бұл реформа бойынша, табысың төмен болған сайын, әлеуметтік аударымдар жасау қиындай түседі. Ол табысыңызға сәйкес 20-40% артады, бірақ зейнетақы мөлшері азаяды. Яғни көбірек ақша аударсаңыз да, болашақта аз зейнетақы аласыз. Бұл жаңа жүйе әділетсіз!
Кэтрин Пайад, невролог:
- Сонымен қатар медбикелер, науқасты күтушілер, логопедтер және ортопедтер бар. Барлық медициналық қауым көтеріліп, бұған келіспеуі керек. Өйткені адвокаттармен мәселеміз ортақ. Өзіміз қаржыландыратын дербес зейнетақы жүйеміз бар.