Стамбұлдағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны артты

Oinet.kz 06-02-2020 1003

Қаза тапқандар саны үш адамға жетті, ал бортта болған 179 адам зардап шекті. Түркия Денсаулық сақтау министрлігі Стамбұл әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандарға байланысты деректі жаңартты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

news_full1580922140016b6dc28145046d68b0de97fec24c05.jpg

«Өкінішке қарай, үш азаматымыз қайтыс болды. Тағы 179 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр», - деді денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.

Бұған дейін бір адам қаза тапқаны туралы хабарланған.

Бортта барлығы 183 адам болған, оның алтауы – экипаж мүшелері. 

5 ақпан күні Измир-Стамбұл бағытында рейс орындаған Pegasus әуе компаниясының Boeing 737-86J ұшағы әуежайға қонатын кезде ұшу-қону жолығынан шығып кетіп, жыраға құлады. Салдарынан ұшақ үшке бөлінген. Ұшақ апаты ауа райының қолайсыздығынан болған.

Қытайлық әйел коронавирустың арқасында аман қалды
Францияда адвокаттар ереуілге шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу