492 адам көз жұмды: Коронавирус жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды.

Oinet.kz 05-02-2020 936

492 адам көз жұмды: Коронавирус жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды. Қытайдағы коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер белгілі болды. Вирус жұқтырғандар саны 23 мың адамға жетті. Ал көз жұмғандар 492 деп хабарлайды Oinet.kz сайты  KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

news_full1580870432ed444f075228af560098bb326f09e751.jpg

Хубэй провинциясы денсаулық комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, 5 ақпан күні аймақта аурудан көз жұмғандар саны 479 адамға жетті деп жазады РИА Новости.

Провинцияда 16,5 мыңнан аса тұрғын коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 1,5 мыңы кеселді жеңіп, ауруханадан шыққан.

Ал әлем бойынша қауіпті вируспен 20,6 мың адам ауырып жатыр. Мұндай деректі 4 ақпан күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынды.

Қытай дәрігерлері күнделікті аз дегенде мың адамның вирус жұқтырғанын анықтап жатыр дейді басылым.

Қатерлі сырқат коронавирус ошағына айналған Қытайдан басқа 24 елде, оның ішінде көршіміз Ресейде де анықталды.

Қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдайды бақылайтын онлайн-портал мәліметінше, 5 ақпан күні әлем бойынша 23,8 мың адам вирус жұқтырған.

Жаңа типті вирустан туындаған пневмониядан 492 адам қаза тапқан. Олардың 479-ы Хубэй провинциясы тұрғындары. Адам өлімі Пекинде, Гонконгте, Хэйлунцзянде және басқа да Қытай қалаларында тіркелді.

Ал Қытайдан өзге, адам өлімі тек Филиппины мемлекетінде болды.

Кеселден ғалам бойынша тек 820 адам айыға алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды Қытайдағы жаңа вирус жайында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды. Желіде коронавирус туралы екі жүзге жуық жалған мәлімет жүр.

Коронавирустан көз жұмғандардың саны бір тәулікте рекорд орнатты
​Ақтөбелік жас жұбайлар тойында жалғызбасты анаға баспана сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу