​Ақтөбелік жас жұбайлар тойында жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Oinet.kz 05-02-2020 1084

Ақтөбеде шаңырақ көтерген жігіт жұбайы екеуіне берілген екі бөлмелі пәтерді баспана қиыншылығын тартып отырған отбасыға табыстады деп, хабарлайды  Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Өз қуанышында қайырымды іс тындырған азамат - "Харекет" қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Нұрболат Елеусізов.

Ұзақ уақыттан бері мұқтаж жандарға баспана сыйлап, қуанышқа бөлеп жүрген ол өзінің үйлену тойында да игі іс жасауды ұмытқан жоқ.

Нұрболат тойға жиналған қонақтардың алдында жас жұбайларға сыйлыққа берілген екі бөлмелі пәтерді Әсия есімді жалғызбасты анаға табыстады.

Screenshot_7.jpg

Тағдырдың тауқыметін көріп отырған Әсия өз балаларынан бөлек мүгедек екі апасы және сырқаттанған анасына қамқор болып отыр екен.

«Қуанышымызға берген «Харекет» қайырымдылық қорының екі бөлмелі пәтерін аса бір мұқтаж деп Әсияға бергіміз келді. Өзімізде бар кезде қиын адамдарды ұмытпағанымыз жөн. Қоғамдағы әрбір мұқтаж жанға жақсылық жасаудан жалықпасақ оның қайырымы болады», - дейді Нұрболат Елеусізов.

Айта кетерлігі, «Харекет» қайырымдылық қоры еліміз бойынша 165 баспана табыстаған. Бұл беріліп жатқан баспана Ақтөбе облысы бойынша он екінші үй.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атырауда отау құрған жастар төрт күннен соң ажырасуға бел буғаны туралы жазған едік. Ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуіне қалыңдықтың анасы себеп болған.

492 адам көз жұмды: Коронавирус жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды.
Түркістан облысында әкім кабинетінде масқара болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу