Қытайдағы 10 күн ішінде салынып біткен аурухана науқастарды қабылдауда (видео)
Коронавирус індетінің ошағы Ухань қаласында алғашқы мамандандырылған аурухана жұмысын бастады, деп хабарлады Associated Press. Ол 10 күннің ішінде салынып бітті. Хошэньшань ауруханасы мың орынға есептелген.
Оның құрылысы 23 қаңтарда кешке басталып, жедел қарқынмен жүргізілді. Желіде аурухананың суреттері жарияланды.
Ал Уханьда орналасқан екінші мамандарылған аурухана 6 ақпанда пайдалануға беріледі.
Видеоға сілтеме.