Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Oinet.kz 01-02-2020 1578

Жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

200201164525975a3610091i.jpg

29 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «WhatsАpp» әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды. Тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің жеке басы анықталды. 

Ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты. «Жауап алу кезінде ол қасақана жалған ақпаратты тарату фактісін мойындады. Қазір облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының полиция департаменті жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұлыбритания ресми түрде Еуроодақтан шықты
Коронавирус құрбандарының саны 304 адамға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу