Ұлыбритания ресми түрде Еуроодақтан шықты

Oinet.kz 01-02-2020 1300

Ұлыбритания 1 ақпан күні Брексит бойынша референдумнан соң, 188 апта өткеннен кейін ресми түрде Еуропалық Одақтан шықты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Angliya-620x465.jpg

Лондон мен Брюссельде шығуға дайындыққа бір күн жұмсалыпты. Өз кезегінде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мемлекет алдағы уақытта «ұлттық жаңғыруға» бет алатындығын жеткізіпті. 

«Мен мұны өте дұрыс және демократиялық шешім деп есептеймін. Менің ойымша, Еуроодақ 50 жыл бойы біздің еліміз үшін бұдан былай сәйкес келмейтін бағытта дамып келеді», - деп мәлімдеді премьер-министр. 

Ұлыбританияның үкімет басшысы  көші-қонды бақылайтын, еркін экономикалық аймақтар құратынын, климаттың жаһандық өзгеруіне қарсы күресті тоқтатпайтынын және түбінде қылмысты жеңу үшін бірқатар жұмыстар атқаратынын мәлім етті. 

Брюссельде Еуропарламент ғимаратының жанында британдықтардың туын Еуроодақ жалауына ауыстырды. Еуропарламенттің Британиядан сайланған мүшелер тобы бірнеше күн бұрын мәжіліс залынан британдық туды көтеріп шыққан еді. Парламентарий Джонатан Буллок қаладан кетіп бара жатқанда өз автомобилінің терезесінен Ұлыбритания жалауымен қол бұлғап өтті.

Семей әуежайына ақын Абайдың есімі берілді
Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу