Ұлыбритания патшайымы II Елизаветтаның күйеуі ауруханаға түсті
Ұлыбритания патшайымы II Елизаветтаның жары ханзада Филипп ауруханаға түсті. Бұл туралы Букингем сарайы мәлім жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
99 жастағы II Елизаветтаның жары ханзада Филипп денсаулығы нашарлап, Лондон ауруханасына жатқызылған. Ол қатарынан бірнеше күн бақылауда болып, демалыс алады. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ханзаданың ауруханаға жатуының коронавирусқа қатысы жоқ екенін айтады. Жақында үйлену тойының 73 жылдығын атап өткен бұл жұп, вакцинаның алғашқы дозасын қаңтарда алған болатын.