Қытайда коронавирустан бір тәулікте 45 адам қайтыс болды

Oinet.kz 01-02-2020 923

Індет ошағы саналатын Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан қайтыс болғандар саны 249 адамға жетті, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz  порталына сілтеме жасап.

53eb656a3a3527ac9b71de4aa6ce5f62.jpg

«Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 7 153 адам тіркелді, 166 адам жазылып, ауруханадан шығарылды, 249 адам қайтыс болды», - делінген жергілікті билік хабарламасында.

Өткен тәуліктің өзінде провинцияда 1 347 жаңа жұқтыру оқиғасы, 45 өлім тіркелген және 50 адам ауруханадан шығарылған. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Бүкіл әлем бойынша сырқаттанғандардың саны 11 мыңнан асады.

«Бұл масқара ғой»: Реформалардың нәтижесі Сапарбаевтың ашуын келтірді
Швецияда коронавирус жұқтырған азамат анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу