Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
2020 жылы Үкімет 11 мың аз қамтылған отбасыға мемлекет қаражатынан пәтер беріледі, ал екі мың пәтер - демеушілер есебінен беріледі. Бұл туралы Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
"Басты мәселе - қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Былтыр Қазақстан тарихында алғаш рет 13 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді. Яғни 95 мың отандасымыз баспаналы болды", - деді Сапарбаев.
Оның айтуынша, Үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.
"Былтыр аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Оның ішінде екі мың пәтер - демеушілер есебінен. Қазір біз 2020 жылы осы көрсеткішті ұлғайтып, 11 мың пәтер - мемлекеттік бюджеттен және екі мың пәтер - демеушілер есебінен беруді көздеп отырмыз", - деді Үкімет басшысының орынбасары.