Енді емделуден бас тартқан қытайлықтар қылмыскер саналады

Oinet.kz 30-01-2020 854

Хубэй провинциясының билігі карантинге мойынсұнбаған 2019-nCoV коронавирусын тасымалдаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартатын болды.

Бұл туралы РИА Новости аймақтың қоғамдық қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасаған Oinet.kz хабарлады.

коронавирус.jpg

Сонымен қатар, ауру жұқтыру мақсатында басқа адамдарға "түкірген" науқастар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Бұдан бөлек, медициналық қызметкерлерге қасақана зиянын тигізуге, оларға шабуыл жасау, мемлекеттік және жекеменшік мүлікке залал келтіруге, медициналық қызметкерге көпшілік алдында тіл тигізу және оларды қорқытуға әрекеттенгендер де қатаң жазаланады.

Айта кетейік, 30 қаңтардағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 170-ке жетті, ал ауруға шалдыққандар саны 7700 адамнан асты. 170 науқас ауруынан айыққан. Қазір ҚХР-да вирус тарамаған аймақ қалмады. 

Қытайдан басқа, ауыр дертке тап болғандар Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Таиландта, АҚШ-та, Германияда, Австралияда, Финляндияда, Францияда, Малайзияда, БАӘ, Канадада анықталды.

Түлкібас үшін қоршаған ортаның тазалығы бірінші орында
Ең төменгі жалақы 2020 жылдың шілде айынан бастап көтеріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу