Түлкібас үшін қоршаған ортаның тазалығы бірінші орында

Oinet.kz 30-01-2020 1045

Түркістан облысы Түлкібас аудан әкімдігінің үлкен залында Түркістан облысының экологиясын жақсарту мақсатында кездесу өтті. Бұл туралы аталған аудандағы «Шамшырақ» басылымы хабарлады. 

83465975_881403235645022_1689333692624797696_o.jpg

Оған арнайы Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев жұмысшы тобымен келіп, бірқатар мәселелерді қозғады. Кездесуге өнеркәсіп және зауыт басшылары, ауылдық округ және кент әкімдері, сонымен қатар аудан тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экология реттеу бөлімінің басшысы Ақмарал Жұмабекқызы өз баяндамасында білім, медицина және өнеркәсіп мекемелерінде тазалық жұмыстарына аса назар аударылуы керектігін айтып өтті. Түркістан облысы экология депортаментінің экология реттеу бөлімінің басшысы Айжан Ажмолдаева өз сөзінде Түркістан экология депортаменті ірі мекемелерді қарайтындығын айтты. Соның ішінде Түлкібас ауданында бірінші санатты мекемеге жататын жұмыс орындары да бар. Сонымен қатар А.Ажмолдаева қатысушыларға «Түлкібас темір», «Састөбе цемент» зауыттары бойынша сауалдарын қойып, тиісті жауаптарды алды. Басқа да өнеркәсіп орындары табиғатқа зиян келтірмейтіндей жұмыс атқаруларын қадағалауды өтінді, және сөз соңында халықтың наразылықтары болса айтуларын сұрады. Келген қатысушылар арасында наразылар тобы болмады.

Жиын соңында аудандық «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары Асланбек Нұранов келген қонақтарға алғысын айтып, жылы лебізін білдіріп, атқарып жүрген қызметтеріне шексіз ризашылығын білдірді. Өз кезегінде  Амангелдіұлы қорытынды сөзінде ауданымыздың қарқынды керкейіп келе жатқандығын айтты. 

Оған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың үлесі зор екенін атап өтті. Біз, осындай киелі әрі тарихы тереңде жатқан ауданда туып-өскенімізге мақтануымыз керек. Осы керемет табиғатын сақтап қалуға сіз бен біз болып, бірлесіп жұмыс атқаруымыз керектігі айтылды.

Көпбалалы емес отбасылар да атаулы әлеуметтік көмек алатын болды
Енді емделуден бас тартқан қытайлықтар қылмыскер саналады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу