"Абайтануды" мектептерде міндетті пән етіп жібермек

Oinet.kz 29-01-2020 909

Ата-аналардың арасында, мұғалімдердің арасында, оқушылардың арасында челлендждер өтіп жатыр. 

Бүгін бұл туралы Түрксіб ауданында өткен ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Тіпті Қазақ Ұлттық қыздар университеті "Абайтану" сабағын барлық факультетке міндетті пән етіп енгізіп те қойыпты, деп хабарлайды Zakon.kz порталына Oinet.kz сайтына сілтеме жасап.

2020012908482574124_1580221421_news_b.jpg

 "Мысалы бір ұсыныс айтқым келіп отыр. Мектептерде "Абайтану" пәнін міндетті оқу пәні ретінде оқытса деймін. Қазіргі кезде қосымша сабақ ретінде жүргізіліп жатыр ғой. Сонымен қатар мектептер мен жоғары оқу орындарында "Абайтану" кабинеттері ашылса деймін", - деді Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Болатхан Сарбасов.

Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында өткізілген конференцияда ұстаздар ақын әлемін ұрпақ жадына сіңіру мәселелері жөнінде баяндамалар оқыды. Мамандар мұндай миссияны бүгінгі заманауи ақпараттық құралдар арқылы жеткізу өте маңызды деген пікірде.

"Ата-аналардың арасында, мұғалімдердің арасында, оқушылардың арасында челлендждер өтіп жатыр. Ұлы Абайға арнап шығарған арнау өлеңдері. Соны кішкентай бастауыштың оқушысынан бастап ата-анамызға дейін бір, бір жолдау арқылы Абайға арнау өлеңдер даму үстінде", - деді №59 мектеп-гимназиясының директоры Айжан Қасымова.

Қытай билігі коронавирустың көз арқылы жұғатынын растады
Нұр-Сұлтаннан барлық бағыт бойынша шығуға тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу