Қытай билігі коронавирустың көз арқылы жұғатынын растады

Oinet.kz 28-01-2020 757

Коронавирустың жаңа түрі адам ағзасына көздің шырышты қабығымен байланыс арқылы енуі мүмкін. Бұл туралы ҚХР-ның Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің өкілі Ли Синван бүгін өткен брифингте мәлімдеді деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған Oinet.kz.

коронавирус.jpg

"Пневмонияның жаңа түрін байланыс арқылы жұқтыруға болады. Егер вирус сіздің қолыңыздың тері қабатына түссе, ал сіз абайсызда көзіңізді сүртсеңіз, онда вирус жұғуы мүмкін. Сол себепті қорғаныш бетперделерді киіп, қолды мұқият жуу керек. Бұл вирустың таралу және оны жұқтыру қаупін төмендетеді", - деді Ли Синван.

Айта кетсек, коронавирустың жаңа түрін жұқтырған қытайлықтар саны сейсенбі күні тағы 32 адамға өсіп, жалпы 4547-ге жеткен. Сондай-ақ, вирустан көз жұмғандар саны 106 адам болған.

Еске сала кетейік, күні кеше вирустың адамнан адамға көздің шырышты қабаты арқылы жұғуы мүмкін екені хабарланған.

Вирустың адамнан адамға жұғу жолдары туралы жаңа ақпарат қытай дәрігері Ван Гуангфаның әңгімесінен соң пайда болды.

Дәрігер БАҚ-қа науқастармен жұмыс барысында барлық сақтық шараларын жасағанын, алайда көзіне қорғаныш көзілдірігін кимей, көзін ашық қалдырғанын айтқан деп жазады Daily Mail.

Ван Гуанфаның сөзінше, оған инфекция көздің шырышты қабаты арқылы жұққан болуы мүмкін.

Қар құрсауында қалған 7000-нан астам адам құтқарылды
"Абайтануды" мектептерде міндетті пән етіп жібермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу