Қар құрсауында қалған 7000-нан астам адам құтқарылды

Oinet.kz 29-01-2020 742

Еліміз бойынша қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазір құтқару жұмыстарын жалғастыру мақсатында ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Владимир Беккер Павлодар облысында. 

қар құрсау.jpg

Павлодардан автоколонна шыққан. 100-ден астам адам отырған колоннаның көп бөлігі үлкен көліктер – фуралар. Олар қар құрсауында қалып қойған. Түнде трассаның бойындағы кафеде болған, - деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, 29 қаңтарындағы жағдай бойынша осы уақытқа дейін 7054 адам құтқарылған.

2020 жылдың 29 қаңтарындағы жағдай бойынша ақпарат таратып отырмыз. Осы уақытқа дейін 7054 адам, оның ішінде 600 бала құтқарылды. 2933 техника қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлады ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайлары басқармасының орталығы.

20-дан аса қазақстандық Қытайдан оралды
Қытай билігі коронавирустың көз арқылы жұғатынын растады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу