Бас прокуратура «Қазақмыс» корпорациясындағы оқиғаға түсінік берді

Oinet.kz 04-01-2020 1049

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «Қазақмыс» корпорациясы  кеңсесіндегі оқиғадан кейінгі тергеу шараларына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20180216133949.jpg

«Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясының кеңсесіндегі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қасақана адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп тоқталды Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Осы орайда ол тегеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін ғана жарияланатынын айтты. «Жалпы, бұл іс бойынша деректер жан-жақты қаралады, яғни осы әрекеттің себебі тыңғылықты тексеріледі. Тергеу органдары бұған толық бағасын бергеннен кейін ғана біз толық мәліметті айта аламыз. Ол жерде процессуалдық прокурор тағайындалды», - деді Бас прокурордың орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, осы қылмыстық бап бойынша күдікті адам өзіне қол жұмсап, көз жұмса, тәжірибе бойынша қылмыстық іс қысқартылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының кеңсесінде кәсіподақ ұйымының төрағасы кәсіпорынның бас директорына және дамыту жөніндегі директорға өзара қақтығыстан соң пышақ салған.

-21 қаңтар сағат 18.20-да Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорының кабинетінде туындаған ұрыс-жанжал барысында кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов компания бас директоры Минигуловтың арқасынан пышақпен жарақаттаған және сол жақ кеуде тұсынан кесілген жарақат салған. Сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС маманы Сабыржан Тембаевқа да пышақ салған. «Содан кейін куәгерлердің айтуынша, ол сол жақ кеуде қуысына пышақ жарақатын салып, оқиға орнында көз жұмды. Минигулов пен Тембаев ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Тоқаев Құлыбаевты қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу