Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Oinet.kz 22-01-2020 715

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

5624624.jpg

- Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады,-делінген жазбада.

Шымкенттің жаңа әкімі алғашқы жиынын өткізді
Бас прокуратура «Қазақмыс» корпорациясындағы оқиғаға түсінік берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу