Нұр-Сұлтанда жылы аялдаманы бұзбақшы болған тыр жалаңаш азамат ұсталды
Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше түнде болған. Куәгер Жедел басқару орталығына хабарласып, белгісіз ер адамның қаладағы жылы аялдамалардың бірін бұзғалы жатқанын хабарлаған, деп хабарлайды Nur.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Оқиға орнына келген полицейлер қоғамдық тәртіп туралы заңды бұзған жалаңаш еркекті көреді.
Құқық қорғау қызметкерлері есірген ер адамды ұстамақ болған сәтте, ол орындықтың ағаш сынығын алып тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан.
Қарсылығына қарамастан, санаулы минуттардан кейін ол ұсталған. Сондай-ақ, оның аты Артем Беленький екені және ол 44 жаста екендігі анықталған.
Полицияның айтуынша, ол тонап және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Фото nur.kz сайтынан алынды
Сонымен бірге, осы жылы ол түрмеде отыру мерзімін толығымен өтегені белгілі болды. Одан бөлек, полицияның сөзінше, ол ұрлық ісі бойынша күдіктелуде.
Айта кету керек, қамалған адамның Нұр-Сұлтан аймағында ешқандай жылжымайтын мүлігі жоқ. Органдар бұзақылық бабы бойынша тергеу жүргізіп, іс қозғаған.
Ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.