Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Қасиетті жұма күні сансыз бабтар мекені Сайрам ауданында ауыс-түйіс болды. Екі жылдан астам уақыт Сайрамды басқарған Бақтияр Мамаев қызметінен кетті.
Бүгін таңғы 9-00-де Сайрам ауданында өткен кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихаттың депутаттары Ұласбек Сәдібековтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды.
Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің көмекшісі болып қызмет еткен Ұласбек Сәдібекұлы 1967 жылдың 12 ақпаны күні Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Ең алғашқы еңбек жолын бұрынғы Алғабас ауданы, қазіргі Бәйдібек ауданында бастаған.
Ақмола облысында Жастар комитетінде алғашқы еңбек жолын бастаған ол 2002 жылға дейін мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтті. Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында әкім болып қызмет атқарды.
2008 жылы Сарыағаш ауданында орын алған табиғи апат су тасқынынан тосылмай, халық жанынан табылып, тірлікті ұтымды ұйымдастыра білген еді. Осылайша, ол өзінің «антикризисный менеджер» екендігін көрсетті. 2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» Партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Ұласбек Сәдібекұлы «Құрмет», «Парасат» Ордендерімен марапатталған. Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының «Құрметті азаматы». Айта кетейік, Сәдібеков Арыстағы төтенше жағдай кезінде Түркістан облысы әкімінің Өмірзақ Естайұлының көмекшісі бола білді. Халықпен етене жұмыс атқаруда епті азамат енді Сайрам ауданын басқаратын болады.
Қызметіне сәттілік тілейміз!