Қазақстанда ең жоғарғы жалақыны кен өндірушілер алатын болып шықты

Oinet.kz 01-05-2019 748

Елімізде 2019 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің айтуынша, салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазумен айналысатын жұмысшылар алады. 

Screenshot_22.jpg

Олардың табыс көзі 401,1 мың теңгені құрайды. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары болып табылады.

Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі тұр. Олардың орташа айлық атаулы жалақысы 323 мың теңге.

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік саласында – 218,2 мың теңге.

Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығына тиеслі.

Олардың табыс көзіне айына 93,2 мың теңгені құрайды.

Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 44,7%-ға төмен.

Аймақтар арасында ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді. Аталған өңірде – 322,7 мың теңге, яғни орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге жоғары.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында, онда орташа айлық атаулы жалақы 109,0 мың теңгені құрады.

Шымкент қаласының әкімі жөндеу жұмысына 45 млн.доллар кететін стадионға қатысты пікір білдірді
Головкин бұрынғы бапкері жөнінде өз пікірін білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу