Шымкент қаласының әкімі жөндеу жұмысына 45 млн.доллар кететін стадионға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 30-04-2019 796

Жақында Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадион қайта жөндеуден өтетіні белгілі болды. Жөндеу жұмыстарына шамамен 45 млн. доллардай ақша кететіні айтылды. Осыған орай, БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде оқырмандар наразылық танытты. Олар мұндай баға жөндеу жұмысына өте көп екенін, бұл ақшаға қос бірдең жаңа стадион салуға болатыны жөнінде айтты. 

Screenshot_21.jpg

Кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ел ішіндегі көбейіп кеткен наразылыққа байланысты әлеуметтік желіде стадионға байланысты пікір білдірді:

- Мен жақында стадионның қайта құрылысы туралы жоспарларыммен бөлістім. Әрине, қоғамда стадионның құны туралы сұрақтар пайда болды. Түсіндіргім келеді, - деп бастаған қала әкімі сөзін былай жалғастырды:

- Стадион бізге тек футбол үшін ғана қажет емес. Сонымен қатар, Шымкенттің туристік орталық болуын қалаймыз. Біздің он мыңдаған туристік қонақтар, біздің қонақ үйлерімізде тұрып, кафелерімізге, мейрамханаларға және дүкендерге келуін қалаймыз. Бұл дегеніміз - Шымкент қаласында жаңа жұмыс орындарын құруға, бизнес және қала тұрғындарының табысын көбейтеді, ұлғайтады.

Бірақ, бұған қалай қол жеткізуге болады?

Бізде Римдегідей Колизей, Түркістандағы кесене немесе Париждегі Эйфель мұнарасы жоқ. Прага, Лондон немесе Санкт-Петербург сияқты сәулет, мұражайлар мен театрларымен де мақтана алмаймыз. Шымкент өзінің жылы ауа райымен, дәмді тамағымен, өз қонақжайлылығымен баурап алады. Қаланың маңында көрікті жерлер бар. Бірақ, миллиондаған туристерді жыл сайын қаламызға тарту жеткілікті ме? Бұл өзімізге қойған міндет.

Біз 2000 жылдан асқан ескі қала Цитадельді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз, отбасылық ойын-сауық саябағын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл туризмді дамытуға ықпал етеді. Бірақ бұл жеткіліксіз.

Басқа елдердің тәжірибелеріне қарап, туризмнің жақсы дамуына қалада қызықты іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Наурызда «Ашық аспан» фестивалі, ал өткен сенбіде «Қызғалдақ жолы» фестивалін өткіздік. Фестиваль кезінде қонақ үйлер мен кафелердің жұмысы алға басты. Шымкентте әлем жұлдыздарының концерттерін, қызықты спорт түрлерін, музыкалық шоуларын тамашалауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ташкент, Бішкек, Новосибирск, Екатеринбург, Челябинск қалаларының тұрғындары ниет білдіретіндей етіп ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін арнайы спорттық және концерттік алаңдар керек. 20 мың орындық жаңа стадион біз үшін қолайлы алаң болады.

P.S. Стадион құны шамамен $45 млн. бағаланады, ол қымбат немесе арзан ба? Қысқаша шолу жасадым. Анталиядағы жаңа стадионның құрылысы - 53, Калифорнияда - 252, Огайо - 200, Екатеринбургте - 198, Қазанда - 235, Санкт-Петербургте - 672, Ирландияда - 460, Варшавада - 570 млн., Лондонда - 1 млрд. АҚШ долл. асады. 

Мен, Шымкенттік стадионның жобасын мұқият зерделеп, мүмкіндігінше арзандатуды тапсырдым, - деп сөзін қорытындылады қала әкімі. 

Назарбаевты Қытайда қалай күтіп алды?
Қазақстанда ең жоғарғы жалақыны кен өндірушілер алатын болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу