Бүгін Иманғали Тасмағанбетов 63 жасқа толды

Oinet.kz 09-12-2019 1723

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының 5-нші Премьер-Министрі, 2008 жылдың 4 сәуірінен бастап 2014 жылдың 22 қазанға дейін Астана қаласының әкімі ретінде қызмет етті. 2014 жылы ҚР Қорғаныс министрі болып, ал 2017 жылдың 7 ақпаныңда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Иманғали Тасмағанбетов.jpg

1956 жылы желтоқсанның 9 Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Кіші жүздің Жаппас руынан шыққан.

1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды.

1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды.

1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-ң мүшесі, 1990—91 жылдарда Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасының 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.

1993 жылы И. Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

2004—2008 жж. 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.

2008 ж. сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы — Астана қала әкімі боп тағайындалды.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.

И. Тасмағамбетов Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 ж. Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.

Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.

«Smart Astana» мобильдік қолданбасына тағы бір тегін қызмет түрі қосылды
Ресейге Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу