Ресейге Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынды

Oinet.kz 09-12-2019 1162

WADA Халықаралық допингке қарсы агенттігінің атқарушы комитеті Ресей үшін күйінішті шешім шығарды: елге дүбірлі халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынды деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Mash telegram-арнасы мәлім еткендей, Ресей Федерациясы абыройлы әлемдік спорттық ареналарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде және басқа да турнирлерде өнер көрсету құқығынан айырылды.

Screenshot_2.jpg

Ресейліктер 2023 жылы үлкен спортқа оралуға мүмкіндік алады: халықаралық агенттіктің шешімі төрт жылға белгіленген.

Бұдан бөлек, әлемдік ведомство Ресейдің допингке қарсы агенттігінің мәртебесін жойды, ал ресейлік спорт шенеуніктеріне, олимпиадалық және паралимпиадалық комитеттер басшыларына ірі турнирлерде бой көрсетуге тыйым салды.

Бұндай қатаң шешім шығарылуына комитеттің баяндамасы жарияланғаннан кейін қараша айының соңындағы допинг дауы себеп болды. Сол кезде көршілес мемлекетті төрт жылға үлкен спорттан шеттетуге ұсыныс жасалған болатын.

Биылғы жылдың басында Ресей халықаралық допингке қарсы агенттікке өз спортшыларының қан анализі нәтижелерін жіберген болатын. Ол жерде 7 жыл бұрынғы, 2012-ден 2015 жылға дейінгі алынған тест нәтижелері бар екені хабарланды.

Соның нәтижесінде WADA ресейлік допингке қарсы агенттіктің спортшылардың допинг-бақылаудан өтпегенін жасырып, әдейі жалған көрсеткіштер ұсынды деген шешімге келді.

Енді ресейлік спортшыларға тек бейтарап ту астында жарысқа қатысуға рұқсат берілді.

Дегенмен, аталған шешім ресейлік футболшыларға қатысты емес. Олар келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына, Чемпиондар лигасына қатыса алады.

Бүгін Иманғали Тасмағанбетов 63 жасқа толды
Америкалық агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу