Тоқаев тұңғыш президент жайлы пікірін білдірді

Oinet.kz 04-12-2019 1552

Германияға мемлекеттік сапармен баратын Қасым-Жомарт Тоқаев неміс басылымына сұхбат беріп, тұңғыш президентке қатысты айтылған сын туралы пікір білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы елдегі митингілер туралы да сөз етті деп хабарлайды Nur.kz порталына сілтеме жасаған Oinet.kz.

Тоқаев.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапарының алдында DW.com неміс басылымына сұхбат берді. Оған Қазақстанның тұңғыш президентіне қатысты сын айтуға бола ма деген сұрақ қойылды.

Өз кезегінде Тоқаев қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевты сынайтынын жасырмады. Ол ғаламтордың таралуы мен әлеуметтік желілердің танымалдылығының артуынан мұны тоқтату мүмкін емес екенін түсіндірді.

"Жалпы ғаламтор өмірімізді күрт өзгертіп жіберді", -деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, тілші Қасым-Жомарт Тоқаевтан азаматтар әлеуметтік желіде сын айтқаны, митингіге қатысқаны немесе жалғыз пикет ұйымдастырғаны үшін жазалана ма деп сұрады.

Қазақстан президенті жалғыз адам пикет ұйымдастырғаны үшін жазаланбайтынын баяндады.

Ол елде демонстрациялар өткенін еске түсіріп, ұстау кезінде демонстранттарға қарсы арнайы құралдар қолданылмағанына баса назар аудартты.

"Менің нұсқауыма сәйкес. Егер анық арандатушыларды ұстаса да, оны жай қолмен жасады", -деді Қазақстан президенті.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы митингі қатысушыларының қолынан құқық қорғау органдары қызметкерлері де зардап шеккенін, оның ішінде 10-ға жуық тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілгенін тілге тиек етті.

Қазақстан президенті наразылық білдірушілерге арнайы құралдар қолданатын Еуропаны мысалға келтірді..

ОҚМПУ 80 жылдығын дүркіретіп атап өтті
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу