Бұрын айдалған көлікті сатып алар кезде...
Қазіргі таңда көп жігіттердің арманы темір тұлпар. Өзара айдап жүрген машиналарына «бәйбішем» деп те атау беріп қойған. Жеңіл көліктерді салоннан сатып алғаннан гөрі, қолдан алған тиімдірек әрі қалта көтереді. Ал мұндай кезде нені есте сақтау қажет? OINET.KZ сайты сізге пайдалы кеңестер ұсынады.
Бұл көлік неге сатылуға шығарылып отыр?
Бұл сұрақтың жауабы сізге көліктің негізгі жағдайы жайлы хабардар болуыңызға көмегін тигізеді. Егер ол сізге «жаңа көлік алғандығын» немесе «оған ақша керектігін» айтатын болса, онда сіз бұл көлік үшін саудаласуыңызға болады.
Көлік қанша шақырым жүргенін сұраңыз
Көліктің шыққан жылына және жүріп өткен шақырымына байланысты ол жайлы жалпы көрініс құруыңызға болады
Көлік иесінен бұл көлікті жаңадан немесе басқа адамнан алғандығын сұраңыз
Егер бұл көліктің бұған дейін бірнеше қожайыны болып, алайда көліктің жағдайы жақсы болса онда бұны сатып алу жайлы ойлануыңызға болады. Ал көлік қожайыны бұны жаңадан алғанын айтып одан тез құтылғысы келетіндігін білдірсе, онда ойланғаныңыз жөн. Көліктің міндетті техникалық тексеруден қашан өткендігін және бұны растайтын құжаттарын көргеніңіз жөн.
Көлікті алмас бұрын оны айдап көруге рұқсат сұраңыз
Көлікті барынша ұзақ айдағаныңыз жөн. Бұл 1-2 сағат шамасына созылса мүлдем керемет. Осы кезде сіз көліктің өзін жолда қалай ұстайтындығын, қалада немесе ауылдық жерде жылдамдығы қандай болатындығын, жылдамдығы қаншалықты тез ауысатындығын байқап көріңіз.
Бұрын бұл көлік гаражда немесе ашық аспан астында тұрғандығын сұраңыз
Егер көлік ашық аспан астында тұрған болса,онда ол табиғат әсерінен мезгілінен бұрын татанып кетуі мүмкін.
Көлік бұрын ДТП ға ұшырады ма соны сұрап білгеніңіз дұрыс
Бұл сұрақты міндетті түрде қойыуыңыз қажет. Кез келген жол көлік оқиғасы көлік сыртында өз ізін қалдырады. Егер жол көлік оқиғасынан оның көп заттары ауыстырылып, сырты үлкен жөндеуден өткен болса, онда бұл көлікті сатып алудан бас тартқан жөн. Алайда көлік иесі сізге бұндай оқиғалардың болғандығын айтпауы мүмкін, бұл кезде кез келген жақсы көлік жөндеушісі бұны сізге дәлелдеп береді. Бұл сұрақтарды қойған кезде көлік иесіне міндетті түрде назар аударыңыз. Ол сіздің сұрақтарыңызға жауап бермеуі немесе әңгімені көліктің басқа жайптарына аударуы мүмкін.
Бұл сұрақтардың барлығын қойып көлік иесінен жауап алған соң дұрыстап ойланыңыз. Көлік ең алдымен айдауға ыңғайлы, сізге немесе басқаларға қауіпсіз болуы қажет. Егер өз шешіміңізге толық сенімді болмасаңыз онда көлік таңдау жаныңызда көлікті жақсы білетін бір досыңыздың болғаны жақсы.