Тұңғыш Президент күні - ел мерейі

Oinet.kz 01-12-2017 1032

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Screenshot_1.jpg

Содан бергі уақытта еліміз алғашқы қиындықтарды еңсере отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Әлемге танылды. Экономикасы қарыштап дамыды, ел тұрғындарының тұрмысы жақсарды. Мұның бәрі, әрине Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатының нәтижесі. Адамзаттың ортақ мүддесі – бейбіт өмір мен ымыраластық. Әуелден ел болғалы ұлы державаларды ядролық қарудан бас тартуға шақырып, алғашқы қадам жасаған көрегендігінің арқасында да Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренада өзіндік қолтаңбасын  қалыптастырған саясаткерлердің біріне айналды. Дамыған мемлекеттер президенттері қазақ елінің көшбасшысы еңбегін, саясатын жоғары бағалап, бейбітшілік жолындағы бастамаларына қолдау білдірді. Мысалы, АҚШ-тың экс президенті Джордж Буш Қазақстан Президентінің «ядросыз әлем» жобасы жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болғанын мәлімдеді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық, ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне сенім білдірді.  Ал Ресей Президенті В.Путин  қазақ халқы үшін Н.Назарбаев тұңғыш Президент қана емес, мемлекеттің негізін қалаушы екенін атап өткен болатын. 

Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Президент еліміздің өсіп өркендеуіне арнайы реформаларды енгізіп қана қоймай, ең бастысы, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарын да айқындап берді. «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарлары, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» сынды маңызды бағдарламалары осының нақты  дәлелі.Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, заңдарды ізгілендіруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік.  Еліміз өзінің мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыдан ресімдеу мен межелеу жөніндегі мәселелерді түпкілікті шешті, кең байтақ жерінің шекаралық шеңбері бойында тату көршілік белдеуін қалыптастырды. Шекарамыздың шегенделуі мемлекетіміздің дұрыс бағыттағы халықаралық саясатының және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Мұның өзі тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі болып табылады. Тұңғыш Президент күні елдің бірлігін нығайта түсетін, өткенімізді саралап, жетістіктерге жетелейтін, алға айқын мақсаттар қойылатын мерейлі күн. 

Н. ЕРБЕКЕШОВ,

ОҚО Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «Заңгерлер одағы» ҚБ-нің мүшесі

Facebook-тегі жазбасы үшін Нұр-Сұлтандық тұрғын айыппұл төледі
Бұрын айдалған көлікті сатып алар кезде...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу