Месси «Алтын доп» жүлдесін алтыншы рет жеңіп алды

Oinet.kz 03-12-2019 1073

«Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси France Football журналы ұсынған "Алтын доп" жүлдесін алтыншы рет жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости сайтына  сілтеме жасаған OINET.KZ. 

Месси доп.jpg 

Месси жүлдені мадридтік "Реалдың" бұрынғы хорватиялық жартылай қорғаушысы Лука Модричтың қолынан алды. Жүлдені табыстау салтанатты рәсімі Париждегі Шатл театрында өтті. Бұл жолы ол үміткерлер қатарына кірмеген. 

Еуропадағы ең мықты футболшы атағына барлығы 30 үміткер болды. Мессимен бірге үздік үштікте "Ливерпульдің" голландиялық қорғаушысы Вирджил ван Дейк (екінші орын) және италиялық "Ювентустың" шабуылшысы әрі "Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду болды (үшінші орын). 

доп алты.jpg

Роналду бұл шараға қатыспаған. Оның орнына Роналду Миланға өткен маусымның қорытындысы бойынша италиялықдық футболдағы үздіктерді марапаттау гала-салтанатына аттаныпты. Sport Mediaset мәліметінше, португал Париждегі гала-кешті елемеуге шешім қабылдаған, себебі ол "Алтын допты" "Барселонаның" форварды Лионель Месси алатынын білген. Бұл кеште "Юве" ойыншысы 2018/19 маусымының үздік футболшысы ретінде сыйлық алады. 

"Алтын доптың" биылғы иегері бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары жүлдені алған. 

АӘК тағайындаудың жаңа ережесі түсіндірілді
Қазақстанда жұмыс істеу тиімсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу