Жамбылда лауазымды тұлға әскери билет үшін 35 мың теңге пара алған

Oinet.kz 22-11-2019 882

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметі Тұрар Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы әрі майорына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Картинки по запросу пара алған

«Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билет беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алайда жоғары лауазымды әскери қызметкер қамауға алынбапты.

«Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ», - делінген хабарламада.

Тіркелген фактіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Сонымен қатар Түркістан облысында тағы бір әскери қызметкер жемқорлық қылмысын жасаған.

«2019 жылдың жылдың 20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Б. Алиев сотталды. Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы өңірдегі тұрғынның ұлын ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражатын иемденді деген күдікке ілінген», - делінген хабарламада.

Соттың үкімімен ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және әскери шенінен айырылды.

Сондай-ақ алаяқтық жасаған әскери қызметкер мемлекетке 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қазақстанда көмір өндірісінің көрсеткіші төмендеді
Түлкібаста «Ана мен бала» монументі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу