Танымал тергеушінің неліктен тергеуге алынғандығы белгілі болды

Oinet.kz 18-11-2019 872

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан Олеся Кексельдің тергеуге алынды. Бұл іске қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасаған OINET.KZ.

Олеся.jpg

"Қазіргі таңда арыз тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Тергеуге байланысты әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені арыз бас прокуратурадан түсті, тексеру туралы тапсырма берілді", - деді Ерлан Тұрғымбаев үкімет кулуарында. 

Министр Ерлан Тұрғымбаев Кексель шетелде емес, Қазақстанда екенін атап өтті.

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген Олеся Кексельдің өзі тергеліп қалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Күрделі сыбайлас жемқорлық істерін тергегені үшін 2017 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталып, беделді "Алтын Адам" жүлдесінің "Жылдың мемлекеттік қызметшісі" деп танылды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметін басқарды. 2019 жылдың мамырында қызметінен босатылды.

Қарағанды шахтасында кенші жұмбақ жағдайда қаза тапты
Қазақстандықтар «5-20-25» бағдарламасымен баспана алатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу