Тоқаев жедел ақша аударымына қатысты дауға нүкте қойды

Oinet.kz 15-11-2019 1091

Ақмола облысындағы алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жедел ақша аударымдарына салық енгізу мүмкіндігі туралы мәселені де көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Тоқаев.jpeg

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол соңғы күндері қоғамды қатты алаңдатқан жайттың бірі осы мәселе болғандықтан, оған Президенттің арнайы тоқталғанын баса айтады. Жасыратыны жоқ, оңтайлы әрі оңай болғандықтан, кейбір банктердің жедел ақша аударым жүйесі халық арасында кеңінен қолданысқа ие бола бастаған.

- Мемлекет басшысы бұл мәселенің мемлекеттік органдар тарапынан әлі де мұқият зерделеуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты Президент бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды тапсырды, - деп жазды Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Президент көмекшісі, сондай-ақ Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындауы тиіс кейбір жауапты органдар оны әдейі созбалап, сұйылтып жібергісі келетінін де атап өтті. Бұл пайдаланылмаған жерлерді мемлекет иелегіне қайтару, туристік инфрақұрылымды дамытуға және, әсіресе азық-түлік бағасының өсуіміне қатысты.

- Әкімдер бұл жұмыстан өз-өздерін шеттетіп тастаған. Бағаны делдалдар көтеріп жіберетіні жасырын емес қой. Мемлекет басшысы осы бағыттағы тапсырманы жауапты органдар орындалмай алғанын айтты және оған жауапты болғандарды жазалауды тапсырды, - деді Әшімбаев.

Ол Президенттің тапсырмасын орындамағаны, оған жүрдім-бардым қарағандардың барлығы толықтай жауап беретіндігін баса айтты.

Елімізде жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі енгізілмек
Серікбай қажы: «Ең көбі 100 мың теңге жалақы алады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу