Бейбіт Атамқұлов: «Шенеуніктер қарапайым болуы керек»

Oinet.kz 06-11-2019 948

Картинки по запросу бейбіт атамқұлов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемқызметкердің сыртқы келбеті және Қазастанда өндірілген костюмді сатып алғаны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.  

"Менің ойымша шенеуніктер қарапайым болуы керек. Бізде басқа тапсырмалар. Қоғам үшін жұмыс істеуіміз керек. Менің ұстанымым - мемлекеттік қызметкерлер өздерін мұнтаздай таза ұстауы керек, ешкімнен ерекшеленбегені жөн. Бұл мемқызметте жүрген ерлер мен әйелдерге де қатысты. Бұл әдеп", - деді Атамқұлов үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып.  

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жақы дизайнерлер мен өндірушілер жетерлік.  

"Мен Қазақстанның оңтүстігінде жұмыс істедім және таңғалдым. Бағасы екі есе таңғалдырды. Сол кезде мен бірінші рет костюм сатып алдым. Бұл осыдан төрт жыл бұрын. Костюмнің бағасы 25 мың теңге, сол кезде бағасы сондай еді", - деді ол.  

ИИДМ басшысының айтуынша, оның гардеробында Қазақстанда тігілген бес костюм бар екен.  

"Олар әртүрлі өндірушілерден. Шымкентте мен конвейерлі костюм алғанмын. Мұнда (Нұр-Сұлтанда) бірнеше жерде тігеді, бағасы да әртүрлі. Барлығы да матаға, астарына және тігіншіге байланысты. Бізде Қазақстанда жақсы әрі сапалы өнім. Сыртқы келбетке келгенде шенеуніктердің қарапайым болғанын қолдаймын", - деді Атамқұлов. 

Алматыда құбыр жарылып, көшелерді су басты
Қазақстанда құжаттар жеке куәліксіз рәсімделе беретін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу