Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

Oinet.kz 05-11-2019 11711

раиса мухамедьярова.jpg

Кино және театр актрисасы, Құрмет орденінің иегері Раиса Мұхамедиярова 80 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы желі қолданушысы Назгүл Қожабек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Көпшілік қауым Раиса Мұхамедиярованы "Менің атым Қожа" фильміндегі Майқанованың рөлі арқылы таниды. Актриса 1995-2002 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет атқарған болатын.

Раиса Мұхамедиярова белгілі драматург, қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың сүйікті жары болды. Актриса мен жазушы бір шаңырақтың астында 8 жылдай өмір сүрген.

Жазушы мен актрисаның Гаухар және Гүлнар есімді қыздары бар.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға келді
Айнұр Тұрсынбаеваның зәулім үйі көпбалалы анаға бұйырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу