Волонтер студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артпақ

Oinet.kz 04-11-2019 995

Screenshot_12.jpg

Жаңа оқу жылынан волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артпақ . Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz

«Бүгіннің өзінде министрлік «Студенттік бастама» волонтерлік қозғалысын құру және жас волонтерлер базасын қалыптастыруды көздеп отыр. Студенттерді құрылыс отрядтарына тарту мәселесі пысықталды. Студенттер жазғы демалыс кезінде құрылыс жасақтарында жұмыс істей бастады«, - деді ол. Министрдің айтуынша, ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылды. «Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға арттырылады деп жоспарлануда», - деді Дәурен Абаев.

Семей қаласында Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіш көпшіліктің ашуын туғызды
А.Райымқұлова: Гауһар ана кесенесі мен сауран қалашығында сапар орталығы салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу