Дәурен Абаев тіркелмеген телефон нөмірінен қандай қауіп келетінін айтты
Телефон нөмірі ең алдымен тек бірнеше санның қосындысы емес, сондай-ақ жекеменшікті зат. Ол - мемлекеттік қызметтерге, кассалық операциялар мен төлемдерге қол жеткізу деген сөз. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ.
Сонымен қатар, жеке қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Нөміріңіз басқа адамға тіркелгенін елестетіп көріңізші. Ол адам сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізу арқылы нөміріңізді өшіре алады, баланстан қаражатты алады және қоңырау мәліметтеріне қол жеткізе алады деген сөз екенін атап өтті министр Дәурен Абаев.
Шенеуніктің сөзінше, мемлекет ешқандай шара қолданбады деп айып тағудың орнына, уақытыңыздың 15 минутын телефон нөмірін тіркеуге арнаған жөн.