Қазақстанда 6 миллионнан астам адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан
2019 жылдың соңғы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 6 млн астам адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты, деп хабарлайды "Хабар 24" сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ
Бұл азаматтар үшін мемлекеттік қорға 183 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер түсті. Оның 146 миллиарды 707 мың қазақстандыққа берілді.
Жәрдемақы көлемі 67 млрд теңгеге жуық. Содан кейін 58 жарым миллиард теңге жүктілік және баланың тууына байланысты берілген. Ең көп сома бір жасқа толған баланың күтімі үшін үлестіріліпті.
10 млрд теңгедей ақша еңбекке жарамсыз адамдарға аударылса, асыраушысынан айырылғандарға 7 млрд теңге, ал жұмысын жоғалтқандарға 3,3 млрд теңге төленді.