Токиодағы турнирде қазақстандық боксшылар қос алтын алды
Токиода өткен сынақ турнирінде қазақстандық боксшылар қос алтынды және екі күміс медаль қоржынға салды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
91 кг салмақ санатында Айбек Оралбай финалда бразилиялық боксшыны жеңіп, чемпион атанды. Екінші алтынды 52 кг салмақ санатында Сәкен Бибосынов иеленді.
Қос күмістің бірін – ерлер арасында Санатәлі Төлтаев, екіншісін – әйелдер арасында Римма Волосенко олжалады.