Қараша айында күн суытады
Қараша айының басында ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы «Казгидромет» мамандары айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК сайтына сілтеме жасап.
"Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің Еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, онымен байланысты суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады. Климаттық нормадан 3…6 градусқа, республиканың солтүстігінде 8…13 градусқа жоғары болған аномаль жылы ауа температурасынан кейін күннің суытуы күтіледі", - дейді "Қазгидромет" мамандары.
Сондай-ақ, қарашаның басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4 градусқа төмен болатыны айтылады.