Президент жұмыс сапарымен Алматыға барды

Oinet.kz 29-10-2019 778

Картинки по запросу президент Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды OINET.KZ.

"Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады. Сонымен қатар "Tech Garden" инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында болады. Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді" - делінген Берік Уәлидің хабарламасында.

Түркістан: Ашықтықты қамтамасыз ететін сенім жәшіктері орнатылды
Павлодарда 4 бала газдан уланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу