Елордада Беларусь елшілігінің ғимараты ашылды
Қазақстанның астанасында Беларусь елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Дипломатиялық өкілдік Тәуелсіздік алаңының маңындағы елшіліктер қалашығында орналасқан, деп хабарлайды inform.kz.
Ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен Беларусь премьерінің бірінші орынбасары Александр Турчи қатысты.
"Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің жаңа ғимараттары бой көтеруде. Олардың қатарында енді Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені де болады", - деді үкімет басшысының орынбасары.
Скляр Беларусь дипломаттарын "жаңа үймен" құттықтап, жемісті еңбек пен сәттілік, ал белорус халқына бейбітшілік, тыныштық пен үлкен жетістіктер тіледі.