Новак Джокович: «Қазақстандық теннисшілермен де ойынды асыға күтемін»

Oinet.kz 24-10-2019 920

image.png

Қазақстанға алғаш рет келген сербиялық теннисші Новак Джокович болашақта қазақстандық теннисшілермен ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

ТМД елдерінің территориясында Надаль мен Джокович алғаш рет ойнайды. Новак Джокович – АТР рейтингінде бірінші орында, үлкен шлемнің 16 дүркін чемпионы. Masters сериясындағы 9 турнирдің де жеңімпазы болған алғаш теннисші. АТР әлемдік финалының 5 дүркін жеңімпазы. Соның ішінде, ол 4 рет қатарынан жеңіп, әлемдік рекорд орнатты. Masters сериясындағы турнирлерінде 30 титул және түрлі турнирден жеңімпаз болған бірегей теннисші.

"Здравствуйте, сәлем. Сіздер орысша сөйлей аласыздар. Мен бұл тілді кішкене білемін, кішкене түсінемін. Рафаның менімен ойнайтыны үшін рақмет... Рафаның сөздерін қайталап өткім келеді. Шақыру үшін Болат Өтемұратов мырзаға алғыс білдіремін... Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Нұр-Сұлтан – өте әдемі қала. Болашақта Қазақстанда АТР турнирін өткіземіз деген үміттемін. Қазақстандық теннисшілермен де ойынды асыға күтемін", - деді Джокович.

Елордада Беларусь елшілігінің ғимараты ашылды
Нұр-Сұлтанда 42 адам иіс тиіп уланған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу